Нурсултан Нурбердиев - Ұлы дала - текст песни
Сенде туып,сенде өстім,
Таңғажайып ғұмыр кештім,
Тең келмейді саған ешкім,
Ұлы далам.
Тарихың бар түбі терең,
Өрлеуіңді көріп келем,
Қызығады барлық әлем,
Бүгін саған.
Қайырмасы:
Ұлы далам,
Ұлы далам,
Қалдырған бабамыздың жан-мұрасы.
Ұлы далам,
Ұлы далам,
Жасай бер,жайқала бер,жарқырашы!
Көк байрағы желбіреген,
Көк аспаны мөлдіреген,
Жан сүйсініп елжіреген,
Туған жерім.
Арманымның ақ таңысың,
Жүрегімнің тәтті әнісің,
Махаббатым,мақтанышым,
Туған елім.