Толқын Забирова - Қамажай - текст песни
Басында Қамажайдың бір тал үкі
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі, болдым күлкі
Айрылып Қамажайдан отырғанда
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі, ойын күлкі
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым
Қолында Қамажайдың алтын жүзік
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп, көзін сүзіп
Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп, күдер үзіп
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым
Ертістің жағалауын жағалаймын
Мұз болса көк бестіні тағалаймын, тағалаймын
Үш топтан таңдап алған Қамажайым
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым
Мал жайса жылқы деген бағып жүрсе
Монына үкі-тұмар тағып жүрсен тағып жүрсін
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп
Аулына Қамажайдың барып жүрсен, барып жүрсен
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым -