Жұбаныш Жексенұлы , Abik Jeksen - Жолдар - текст песни
Түзу-түзу жолдарды,
Асулар мен жондарды,
Суреттейін сомдады дала.
Жол жүргенде жайдары,
Есте қалар жайлары,
Еміс-еміс ойлары ғана.
Жол жүргенде жайдары,
Есте қалар жайлары,
Еміс-еміс ойлары ғана.
Қайырмасы:
Ооо, алыс түзу жолдармен заулап,
Үмітім мен жүрек-сезімім барда,
Жеткізбейтін қиял алда бәрі,
Бәрі алда.
Сұлу дала шақырады алдан,
Таусылмайтын шексіз жолдарым барда,
Әлі де талай аттанамыз ұзақ жолға,
Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға.
Түзу-түзу көшені,
Белестермен кешегі
Жалғастырдым деседі жолдар.
Жаңа жолдар таңғылсын,
Көне жолдар жаңғырсын,
Өз таңбасын қалдырсын жылдар.
Жаңа жолдар таңғылсын,
Көне жолдар жаңғырсын,
Өз таңбасын қалдырсын жылдар.
Қайырмасы:
Ооо, алыс түзу жолдармен заулап,
Үмітім мен жүрек-сезімім барда,
Жеткізбейтін қиял алда бәрі,
Бәрі алда.
Сұлу дала шақырады алдан,
Таусылмайтын шексіз жолдарым барда,
Әлі де талай аттанамыз ұзақ жолға,
Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға.
Қайырмасы.
